Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Донор күні» акциясына қатысты | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Донор күні» акциясына қатысты

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының 116 қызметкері «Донор күні» қайырымдылық акциясына қатысты. Олардың 73-і қажет медицина процедурасынан өтіп, шамамен 30 литр қан тапсырды.

«Донор күні» «Бәйтерек» холдингінде игі дәстүрге айналып, бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Іс-шара компания тобының әлеуметтік жауапкершілігі мен белсенді ұстанымының жарқын үлгісіне айналды.

Еске салайық, Қазақстанда Дүниежүзілік донор күні 14 маусымда атап өтіледі. Акцияға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!

consultation Кеңес ал!