Қазақстанның ЭКА-сы OECD экспорттық кредиттер жөніндегі отырысына қатысуда | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның ЭКА-сы OECD экспорттық кредиттер жөніндегі отырысына қатысуда

«Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – ЭКА) өкілдері Австриялық экспорттық агенттіктің (OeKB) қолдауымен 2026 жылғы 28-29 қыркүйекте Вена қаласында (Австрия) өтіп жатқан OECD-тің Экспорттық кредиттер және кредиттерге кепілдіктер жөніндегі жұмыс тобының (ECG) практика мамандарының 54-ші отырысына қатысуда.

Отырысқа OECD елдерінің экспорттық-кредиттік агенттіктерінің өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Бразилия, Хорватия, Румыния және Оңтүстік Африкадан шақырылған сарапшылар жиналды.

Кездесу аясында екпін экспорттық операцияларды экологиялық және әлеуметтік бағалаудың (E&S) практикалық мәселелеріне, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерге, адам құқықтарына, климаттық аспектілерге, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларға халықаралық тәсілдерді қолдануға, сондай-ақ E&S due diligence процестерінде жаңа технологияларды пайдалануға бағытталған.

Қазақстанның ЭКА-сы үшін отырысқа қатысу жетекші экспорттық-кредиттік агенттіктермен және халықаралық қаржы институттарымен практикалық тәжірибе алмасу, экспорттық жобаларды экологиялық және әлеуметтік бағалаудың өзекті тәсілдерімен танысу және оларды қолданудың практикалық кейстерін талқылау мүмкіндігі болып табылады.

Осылайша, халықаралық тәжірибе Қазақстан ЭКА-сының экологиялық және әлеуметтік бағалау саласындағы ішкі тәсілдерін одан әрі жетілдіру, қызметкерлердің құзыреттерін дамыту және қазақстандық экспортты сақтандыру және кепілдік беру процесстеріне тұрақты дамуды интеграциялау кезінде пайдаланылатын болады.

Айтпақшы, ЭКА 2025 жылы Sustainable Fitch халықаралық агенттігінен алғаш рет халықаралық ESG-рейтингін алды, ал 2026 жылдың қыркүйегінде өз көрсеткіштерін сәтті растап, жақсартты.

Мұндай халықаралық кәсіби алаңдарға қатысу сондай-ақ Қазақстан ЭКА-сының экспорттық-кредиттік агенттіктердің халықаралық қоғамдастығымен өзара іс-қимылын нығайтуға және тұрақты экспорттық қаржыландыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

consultation Кеңес ал!